деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғаларының бірі Алакөл ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 488-ші шақырымында 14 сағат 20 минутта болды. «Мицубиси» және «Фольксваген» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан, «Мицубиси» көлігін мінген әйел азамат (тұлғасы анықталған жоқ) оқиға орнында көз жұмса, оның 7 жасар және екінші автокөліктің 23 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Екінші апат Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 224-ші шақырымында «Тойота» және «Субару» автокөліктерінің қатысуымен 16 сағат 30 минутта орын алды. Нәтижесінде 13 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.