Кеше Алматыда банкоматтан қомақты қаражат тоналды

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Кеше Алматыда екінші деңгейлі банктің бірінің банкоматынан қомақты қаражат тоналды.

Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдағы «ЛюМир» сауда үйінде орналасқан банкомат шамамен кешкі сағат 19.15 минутта ашылған. Бейне камералар көрсеткеніндей, екі белгісіз адам құрылғыны жөндейміз деген кейіппен оны бұзып, ішіндегі ірі мөлшердегі қаражатты қолды қылған.

«Полиция қызметкерлері бірнеше сағаттардан кейін осы банктің 26 жастағы инкассатор-кассирін ұстады. Ол осы қылмысты өзінің үш сыбайласымен бірге іске асырған. Күдікті әйелден 2 млн. астам теңге табылып, тәркіленді», дейді Қ. Жұманов.

Қалған қылмыскерлерді іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.