Кеше Астанадағы «Жастар» сарайында өрт болды, жалын құшағынан үш адам құтқарылды - ТЖМ

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Кеше, шілденің 30-ы күні Астана қаласындағы «Жастар» сарайында өрт болды, жалын құшағынан үш адам құтқарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Өрт сарайдың 2-ші қабатында орналасқан шаруашылық бөлменің 4 шаршы метр аумағында болды.

Құтқарушылар от құшағынан үш адамды құтқарып, 25 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау қалалық өртке қарсы қызметінің 55 адамы мен 13 техникасының күшімен бір сағаттың ішінде ауыздықталды.