Кеше Бүкіләлемдік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні болды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Бүкіләлемдік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні болды. Бұл күні БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Бұл күнің мақсаты жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алып және оның отбасына көңіл айту, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет есіне тағы бір мәрте салу болып табылады.