Ведомствоның хабарлауынша, Алматы қаласының Алмалы ауданында, Абай мен Гагарин көшелерінің қиылысында «Тойота» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай өсіп тұрған ағашқа соғылған. Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның бір жолаушысы ауруханаға жеткізілсе, тағы бір жолаушысы оқиға орнында мерт болған.
Ал Алматы облысына қарасты Көксу ауданының Талапты-Мәмбет автожолының 17-ші шақырымында да «Ауди» көлігі ағашқа соғылған. Жол-көлік апатынан көлік жүргізушісі мен оның 42 жастағы жолаушысы қаза тапқан.