Сондай-ақ қар құрсауында қалған автомобильдерді жылыту үшін жылу генераторларын жеткізу мақсатында Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков пен ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағымен шықты.
Сағат 17.00-дегі жағдай бойынша облыстың автомобиль жолдарында автокөлік кептелісі жоқ.
Қазіргі уақытта автомобильдерді жылыту және оларды елді мекендерге тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.
Нақтыланған мәліметтер бойынша 27 жеңіл және 7 жүк көлігі өз бағытымен кетті.
Бұл учаскеде барлығы 78 адам және 30 техника жұмыс істеуде.
Жуырда құтқарылған барлық адамдар жергілікті атқарушы органдармен тұрғылықты жерлеріне жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 ақпанында Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 126 көлік, оның ішінде 90 жеңіл, 35 жүк және 1 автобус қар құрсауында қалған болатын.