Кеше Қазақстанның аумағында жер сілкінісі болды - ТЖМ
09:59, 25 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат - Кеше, желтоқсанның 24-і күні Қазақстан Республикасының аумағында К=10,6 энергетикалық дәрежесімен жер сілкінісі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының мәліметтеріне сәйкес, зілзала 08 сағат 15 минутта Қырғыз жотасында болған. Оның кіндігі Алматы қаласынан батысқа, оңтүстік-батысқа қарай 367 шақырым жерде орналасты.
2-3 балдық жер асту дүмпулері Жамбыл облысы мен Луговой стансыларында сезілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің айтуынша, қираулар мен құрбан болғандар туралы мәліметтер түскен жоқ.