11:38, 13 Маусым 2009
Кеше «Медеу» өртенді
АСТАНА. Маусымның 13-і. ҚазАқпарат - Кеше Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында өрт болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Медеуде» кеше, маусымның 12-сі күні сағат 17.53-те шығыс жақтағы мінберде қайта монтаждалып жатқан ғимаратта 150 шаршыметрдей аудандағы орын-жайлар өртенді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сағат 18.55-те өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді.