деп хабарлады ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.
Жану оқиғалары Солтүстік Қазақстан облысының Дәуіт және Пресновка ауылдарында, сондай-ақ Петропавл қаласының көппәтерлі үйлерінің бірінде болды. Үш жағдайда да тілсіз жауды ауыздықтау барысында СҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметі адамдардың денелерін тапты.
Тағы бір өрт Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы жекеменшік секторлардың бірінде болды. 8 шаршы метр аумаққа жайылған жалынды сөндіру барысында 1981 жылы туған азаматтың денесі табылды.