Кеше Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді - ТЖМ

None
АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - Өткен жексенбі, желтоқсанның 6-сы күні Шығыс Қазақстан облысы Алакөл көлі жағалауының аумағында К=11,1 энергетикалық дәрежесімен жер сілкінісі болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктен хабарлағандай, жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласының солтүстік-шығысына қарай 542 шақырым жерде, солтүстік ендігі 46о 29′ және шығыс бойлығы 81о 59′ координатасында болды.

Жер асты дүмпулері Көктал кентінде, Үржар ауданында, Бұқтырма суқоймасының аумағы мен Өскемен қаласында 2-3 балл шамасында байқалды.

«Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ», - деп атап өтті баспасөз қызметі.