ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 29 қараша күні, түнгі сағат 12 шамасында Алматының Алмалы ауданындағы жер үйлердің ауласында, құрылыс материалдары орналасқан қора-қопсы жана бастады. Жалынның шарпыған аумағы 600 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 78 адамы мен 17 техникасы айналысты.