Алдымен бауырымен жорғалаушы таблоға өрмелеп шыққан. Бірақ жарысты ұйымдастырушылардың оны түсіруге жасаған әрекетінен соң корттың басқа бөлігіне зымырады. Салдарынан кездесу бірнеше уақытқа тоқтатылды.
Дегенмен ойыншылар одан қорқа қойған жоқ. Хаас бұл қызықты оқиғаны телефонға түсіріп алса, Веселы орындыққа жайғасты.
Стадион қызметкерлері игуанды ұстап алғаннан кейін кездесу қайта жалғасты. Қорытындысында Хаас Веселыдан 7:6 (7:5), 3:6, 5:7 есебімен жеңілді.