Әртістің "Твиттердегі" парақшасында осыған байланысты микроблогтар сайты әкімшілігі атынан пост жарияланды.
"Бүгін біз үлкен тарихтың куәсіміз", - делінген онда және әнші бірінші болып 100 млн. фолловер жинағаны айтылады.
Twitter өз құттықтауында Кэти Перридің маусымда шыққан жаңа альбомының атауы - "Куәгер" ("Witness") сөзін пайдаланды.
Жазылушылар саны бойынша екінші орында канадалық әнші Джастин Бибер тұр. Оны "Твиттерде" 98 млн адам оқиды.