Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді және боран соғады.
30 қарашада Қазақстанның шығысында қалың қар, ал оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 30 қарашаға қарай түнде еліміздің батысында -5–12°С, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында -10–18°С, шығысында -7–12°С, ал таулы аудандарда -15–20°С-қа дейін төмендейді.
Еліміздің қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.