«Аудандық газеттерді «аш та, жап» газеті деймін. Сапасы сын көтермейді. Ең бастысы, ол газеттерге ішкі саясат бөлімдерінен қомақты ақша бөлінеді. Соны игеру ғана ойластырылады. Халық осындайда оқылмайтын аудандық газетті неге аламыз деп наразы болады», - деді Исламбек Дастан.
Бұл сұраққа Дәурен Абаев былай жауап берді:
«Жамбыл облысындағы аудандық газеттердің мәселесін айтып жатырсыз. Біріншіден, біздің министрлік тек республика бойынша ғана газеттер мен сайттарды, теледидарларды қарайды. Аудандық, ауылдық болсын немесе облыстық деңгейдегі мемлекет көмегі тек әкімдік арқылы жүргізіледі. Оған біздің ешқандай қатысымыз жоқ. Олар бізге бағынбайды, бізге ақпарат бермейді. Олар өздері тұрғындар қандай газеттерді оқиды екен деп зерттеп, көмектесу керек. Әр облыстың әкімдігі осындай жұмыс атқарады. Біз «осы мына ауданда шығып жатқан мынадай газетке мынанша ақша бер» деп айтпаймыз. Оны әкімдік тендер арқылы шешіп жатыр», - деді Дәурен Абаев.