ыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кейбір БАҚ-тардағы ағымдағы жылы 1-шы сынып табалдырығын аттаған оқушылар саны 60 мыңға артты деген ақпарат негізсіз. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңес барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті.
«Кейбір БАҚ-тарда демографиялық өсімнің ұлғаюы нәтижесінде ағымдағы жылы 1-ші сынып табалдырығын аттаған оқушылар саны 60 мыңға артты деген ақпарат жарияланды, бұл нақты ақпарат емес», деді вице-министр.
Оның атап өтуінше, өткен жылы 237 мың 316, ал ағымдағы жылы 239 мың 458 бала мектеп табалдырығын аттаған. «Яғни, шынайы өсім 2 мыңнан астам баланы құрайды», деді М. Сарыбеков.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.