Кейбір елдерде Whatsapp желісі істен шықты

ТАСС. ҚазАқпарат - Кейбір елдерде жұма күні WhatsApp мессенджерінің жұмысында ақаулар байқалды. Бұған танымал интернет-ресурстардың жұмысын бақылайтын Downdetector қызметінің деректері дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Қызметтің мәліметінше, пайдаланушылар хабарлама жіберу, серверге қосылу кезіндегі ақауларға, сондай-ақ қолданбадағы ақауларға шағымданды.

Ең үлкен кемшіліктер Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Италия, Нидерланды және Польшада тіркелді.