«Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің қолданыстағы 58 қылмыс құрамы Қылмыстық кодекс жобасына енгізілгелі отыр. Бұл ретте жаңа редакциядағы Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің жобасынан әкімшілік қамауға алуды қарастыратын барлық қылмыс құрамы шығарылғанын атап өту керек. Дегенмен, кейбір істерді криминалдандыру орынды сұрақтар тудырады және осы бағыттағы істерді жіті ұғынуды талап етеді», - деп атап өтті депутат А.Қожахметов.
Оның айтуынша, статистикаға сәйкес 2013 жылы қылмыстық жағымсыз әрекеттерге жатқызылған 58 қылмыс құрамы бойынша елімізде 70 мыңнан астам адам қамауға алынған.
«Ал жаңа редакциядағы Қылмыстық кодекс жобасында мұндай құқық бұзушылықтарға айыппұл түріндегі де, қамауға алу мерзімі түрінде де жаза бірнеше еселене түседі. Сондықтан, мұндай қылмыс құрамын қылмыстық әрекеттерге жатқызу еліміздің түрмелеріндегілер санының артуына әкеп соқтыруы әбден мүмкін», - деді халық қалаулысы.