Заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның жобасына сәйкес келтіру, сондай-ақ әскери қызмет және қорғаныс саласындағы құқықтық олқылықтарды жою болып табылады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының жобасында көзделген нормаларды іске асыру мақсатында ҚР Еңбек кодексіне, ҚР Бюджет кодексіне және Қазақстанның басқа да заңнамалық актілеріне түзетулер енгізіледі. Әскери қызметті жетілдіру бойынша енгізілетін шаралар бюджет қаражатын үнемдеумен ұштастыра отырып, жауынгерлік әскери бөлімдердің әскери қызметшілерін қамсыздандыруды жақсартуға мүмкіндік береді.
11:35, 18 Қаңтар 2012
Кейбір заңнамалық актілерге қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы мақұлданды - Сенат
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының ы жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.