Басты рөлдерді Нұржұман Ықтымбаев, Наталья Арынбасарова, Болат Қалымбетов, Жерар Депарьде сияқты отандық және шетелдік әйгілі кино шеберлері сомдаған бұл фильмнің қоюшы режиссері Сәбит Құрманбеков. Оны Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ мен "Tanaris" кинокомпаниясы бірігіп түсірді.
"Бұл жасы келген адамдардың тағдыры ғой. Оған өте мән беріп қарау керек. Қартайды ғой енді кәрілер үйіне апарып тастайық деуге болмайды. Әр уақытта, әр жаста адамның өз өмірі, өз тағдыры болады. Біз бұл киноны осыған арнап жасағанбыз. Адам қартаяды, әсіресе жастар ата-ананың қадірін білуі керек", - дейді Қазақстанның халық әртісі, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Нұржұман Ықтымбаев.
Әлемнің көптеген елдерінде әрқилы фильмдерге түскен әйгілі өнер шеберінің айтуынша, әрбір рөлін ол ең алдымен өзіне ұнайтындай етіп ойнайды. Өзі сомдаған кейіпкерлері көрермен көңіліне жол тауып жатса - бұл актер үшін үлкен бақыт.
13:28, 08 Желтоқсан 2010
Кейіпкерлері көрермен көңіліне жол тауып жатса - бұл актер үшін үлкен бақыт - Н. Ықтымбаев
АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мен әрқашанда рөлдерімді өзіме ұнайтындай қылып ойнаймын, деді Қазақстаның халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев кеше Алматыда "Кешіккен махаббат" лирикалық комедиясының таныстырылу рәсімінде.