«Батырдың бас сүйегі қатты зақымдануы салдарынан мүсінді жасау қиынға түсті. Антропологтардың айтуы бойынша, соққы жеті жерден тиген екен, осы ретте сол жақ бөлігі мен шүйдесі опырылып қалған. Сонымен қатар алдыңғы тістері түгел талқандалған. Мұрын сүйегіне де қатты зақым келен. Осы орайда пластикалық антропологиялық келбетін жасаған кезде қиындық туғызатыны сөзсіз. Бірақ, қазіргі технологиялар бас сүйекті қалпына келтіруге қауқарлы»,-дед Әлімбай.
Ғалымның сөзіне қарағанда, мажар мамандары екі ай бойы өздерінің жұмыстарын ысырып қойып, еліміздің өтініші бойынша батырдың бас сүйегімен айналысты.
Еске сала кетсек қазан айының басында Мажарстанда Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстары басталған болатын. Венгрияның жаратылыстану ғылымдары музейінің антропологиялық бөліміне жетекшілік ететін Агнеш Куштар Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстарын өз басшылығына алған еді.
13:30, 27 Желтоқсан 2016
Кейкі батырдың басына жеті жерден ауыр соққы тиген - Нұрсан Әлімбай
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейкі батырдың бас сүйегі қатты зақымдануының салдарынан зерттеу жұмыстары қиынға түсті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.