- Қазақстанның әуе көлігі саласындағы транзиттік әлеуеті тұрақты оң серпін көрсетіп отыр. 2020 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы орындалатын транзиттік әуе рейстері 4 есе артты, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Атап айтқанда, транзиттік тасымалдардың өсуіне Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы бағыттардағы тиімді географиялық орналасуы, әуежай және жүк инфрақұрылымының дамуы, халықаралық бағыттар желісінің кеңеюі, сондай-ақ елдің әуе кеңістігін пайдаланатын шетелдік авиакомпаниялар санының көбеюі ықпал етіп отыр.
- Транзиттік әлеуетті дамыту және Қазақстанның өңірлік авиациялық әрі логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайту бойынша жұмыстар жалғасып келеді, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.
Айта кетейік, жақында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Бекен Сейдахметов Қазақстанның әуе көлігі саласында транзиттік әлеует жоғары екенін айтқан еді.
2026 жылдың 7 айында Қазақстан әуежайлары 18,2 млн жолаушыға қызмет көрсетіп, 102 мың тонна жүкті тіркеді.