Кейт Миддлтонның той көйлегi 13 миллион доллар шамасында табыс тапты

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - 250 мың фунт стерлингке (400 мың доллар) бағаланған, дизайнер Сара Бертон тіккен Кейт Миддлтонның үйлену тойы көйлегi көрмеде 8 млн. фунт (13 миллион доллар шамасында) табыс тапты.

Rabli.ru жазғандай, осы жазда Букингем сарайына Кейт Миддлтонның үйлену тойы көйлегiн көру үшін 350 мыңнан астам саяхатшы арнайы келген.

6 аптаның ішінде Букингем сарайы көрмесінің жұмысына 354 мың адам келді. Мамандардың есебі бойынша, 3 қазан, көрменiң жабылуына қарай, бұл сан 500 мыңға жетеді.