Кейуана 107 жасында төлқұжатын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парагвайда 107 жасқа келген әжей өмірінде бірінші рет жеке куәлік алды.

Жергілікті басылымға сілтеме жасап, ТАСС хабарлағандай, Долорес Сосан осынау ұзақ ғұмырында тек тууы туралы куәлігімен жүре берген.

Балаларын да сол құжат көмегімен тіркеген. Кейіннен оны да жоғалтып алған. Алайда, елдің ішкі істер министрі Франсиско де Варгастың парагвайлық журналистерге айтуынша қателік түзетіліп, кейуана осындай жаста құжат берілген елдегі алғашқы адамға айналды.

107 жастағы Долорес Соса жеке куәлік алғанына қатты қуанды. Ол журналистерге денсаулығының әлі де тың екенін, сондай-ақ тәтті тағамдар жегенді, тіпті шарап ішкенді ұнататынын айтқан.