«Әлеуметтік желілерде халықтың көпшілігі Астанаға, Алматыға немесе Шымкентке өзге қалалардан келген адамдардың кез келген ХҚКО қызметін пайдалана алатынын, бірақ сол үш қала тұрғындарының өздері тіркелген аудандағы бір ғана ХҚКО-ға баратындарын айтып, наразылық білдіруде. Мәселен, сіз Ақтөбеде тіркеуге тұрып, жеке куәлікті Астанада алғыңыз келсе, кез келген ХҚКО-ға бара аласыз. Ел аумағындағы «Экстерриториалдық ұстанымды» 2014 жылдың көктемінде енгізіп қойғанбыз. Ал Астананың Есіл ауданында тіркелген тұрғын Сарыарқа ауданының ХҚКО-ына бара алмайды. Кеңселер жұмысының көптігінен ол тұрғын тек қана Есіл ауданының ХҚКО-ына баруы тиіс болды», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
«Бұл мәселені көші-қон полициясымен бірлесе отырып қол алып, нәтижеге қол жеткіздік! Енді «экстерриториалдық ұстаным» Астана, Алматы және Шымкент қалаларына енгізіледі - бұл үш қаланың тұрғындары паспорт пен жеке куәлікті ауыстыру бойынша тұрғылықты мекенжайынан тыс кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін пайдалана алады», - деп хабарлады А.Оспанов.