«Бүгінгі отырысты ауқымды әрі маңызды мәселелерді талқыладық. Елімізді жүйелі реформалауға қажетті нақты шараларды айқындадық. Тиісті шешімдерді қабылдадық. Биыл мемлекетіміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесін атап өтеміз. Сондай-ақ бұл- айрықша сын-қатерлер кезеңі. Біз кез келген қиындыққа дайын болуымыз керек», - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы еліміздің болашақтағы даму жолы осы сыннан сүрінбей өтуімізге байланысты екендігін баса айтты.
«Біз жоспарланған өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға күш-жігерімізді салуымыз керек. Барлық негізгі бағыттар мен салалар бойынша алға ілгерілеуіміз қажет. Бұл мақсатқа сындарлы және өзара сенімді диалогтың арқасында қол жеткізуге болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.