«Парламент алдында жаңа қылмыстық-процессуалды, қылмыстық-атқару кодекстерінің, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жобасын қарау міндеті тұр», - деді Елбасы.
Осы орайда Мемлекет басшысы аталған кодекстердің дайындау барысын жіті қадағалағандығын баса атап өтті. «Біз бұрыннан жұмыс істеп келе жатырмыз әрі бұл өте маңызды заңдар. Шын мәнінде әлемдік тәжірибеге бейімделген құқық сақтау сот жүйесінің жаңа негізі қалыптасатын болады», - деді Н.Назарбаев
ҚР Президенті кез келген құқық бұзушылыққа қоғамда нөлдік төзімділік қалыптастыру және қылмыстық құқықты ізгілендіру үрдістері арасындағы ортақ вектор қалыптастыру заңдық тұрғыда маңызды екендігін айтты.
«Сонымен бірге кез келген қылмыс және ел заңдарының бұзылғандығы үшін жазаның әділ болатындығына ешқандай күмән болмауы тиіс»,- деді ҚР Президенті.