«Кез келген вакцина өмір бойы қорғаныш қалыптастыра алмайды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екпенің күші әлсірейді, антиденелер жойылады. Сәйкесінше ауруды жұқтырып алу қаупі күшейеді», - деді Ержан Байтанаев.
Оның пайымынша, індетті тоқтатудың бірден-бір төте жолы - вакцинация. Ол ауырмаудың және ауырғанның өзінде жеңіл өткерудің кепілі.
«Сондықтан Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ұлт саулығын қамтамасыз етудегі маңызды шарадан қалыс қалмай, еліміздің әрбір тұрғынын азаматтық танытып, жақынға жанашыр болуға шақырады», - деді ресми өкіл.