Кез келген жерде «аварийкасын» қосып тоқтайтындар сенатордың ашуын туғызды
«Жолдарда жол-көлік оқиғаларын жасауға жиі қауіп төндіретін бұзушылықтарды көруге болады. Бірақ ішкі істер органдарының қызметкерлері мұндай құқық бұзушыларға қарай бермейді. Мысалы, тоқтауға тыйым салынған көлік ағыны қарқынды көшеде жүргізушілердің жолаушыларды мінгізу немесе түсіру үшін «аварийкасын» қосып күрт тоқтауы «игі дәстүрге» айналуда. Көбінесе ішкі істер органдарының қызметкерлері тоқтаудың осындай тәсілін өздері де қолданып жүреді, сондай-ақ жол жүру қағидаларының басқа да бұзушылықтары жиі байқалады», - деді Дулат Құсдәулетов.
Оның сөзіне қарағанда, жолдарда көлік қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін жарамсыз немесе тыйым салынға жарық құралдарымен автомобильдер жиі кездеседі.
Бұдан бөлек, сенатор жол-көлік оқиғаларына себепші өзге де бірқатар мәселелерді атады.
Осы орайда сенатор бұл бағытта тиісті шараларды қабылдау мақсатында ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауалын жолдады.