Таез қаласына қонбақшы болған 130 жолаушысы бар лайнердің алдынан оқыстан күшік шыға келгенде ұшқыш бағытын өзгертіп, шұғыл қайта көтеріліп, Аден қаласының әуежайына сәтті қонды. Көзді ашып-жұмғанша болған бұл оқиғаның алдын алуға жердегі қызмет өкілдері үлгермеді, деп жазады Al Bawaba.
Әуежай басшылығы аталған факті бойынша тексеріс жүргізетінін мәлімдеді. Ал қауіпсіздік қызметі күшіктің ұшу-қону алаңында қайдан пайда болғанын анықтаумен айналысуда. Жергілікті БАҚ мұндай жағдайлар бұл елде жиі орын алатынын алға тартып отыр. Мысалы екі ай бұрын Yemen Airways ұшағы қону алаңын түйелер табыны басып алғаннан Ходейды әуежайына қона алмай кеткен.