деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің депутаты, «Жаңа Әзірбайжан» партиясы төрағасының орынбасары-атқарушы хатшысы Әли Джавадоғлы Ахмедов кездесуде өз ойларын ортаға салды. Жүздесуде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаттағы бастамалары туралы, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 2011 жылы Ислам Конференциясына жетекшілік ететіні сөз болды.
Мәжілісте өткен кездесуге қатысушылар жан-жақты ынтымақтастық байланысты дамытуда, әсіресе, экономика мен мәдениетті алға бастыруда, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуда осы партиялық форумның тарихи маңыздылығын ерекше атады. Меймандар Қазақстанның жаңа Елордасының он жылдың ішінде осындай көркейіп бой көтергеніне таңданыстарын білдіріп, елдің келешегіне игі тілектестіктерін білдірді.
Әзірбайжандық меймандармен өткен кездесуге Мәжілістің салалық комитетінің төрағалары Әмзебек Жолшыбеков пен Ерлан Нығматулин, сондай-ақ Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лятиф Сейфеддин Гандилов қатысты.