Зардап шегушіні алып шығу үшін, адамдар тобы көлікті көтерді. Бақылау таспасына түсірілген оқиғаны ССТV телеарнасы жариялады.
Кадрларда қозғалыс жылдамдығы үлкен болмаса да, ал велосипедші әйелдің көліктің астында қалып қоймас үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысқанымен, санаулы ғана уақыттан кейін оның машинаның астында көрінбей қалғаны көрініп тұр.
Осы кезде зардап шегушіге көмекке оқиға куәгерлері асықты. Апат орнына 20-ға жуық адам жүгіріп келіп, автомобильді жұмыла көтеріп, оның астында қалған жас әйелді алып шықты.
Зардап шегуші аздап жарақаттанғаны хабарланып отыр.