Кезекте тұруды да зерттейтін ғылым бар - CNN

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кез келген адам күніне бірнеше рет кезекте тұрады. Кезек жылдам қозғалса, ұмытылып кетеді. Ал кезекте ұзақ тұрған адам ашулана бастайды. CNN басылымының жазуынша, кезекте тұруды зерттеп, адамдардың көп кезек күткенін елемейтіндей етуге тырысатын ғылым да бар екен.

«Адамдар кезектің жылдам қозғалғанын байқап, кезекті қабылдауды күткен уақытына еш байланысты емес. Яғни, кезек күтетін уақытты азайтуға болмаса да, адамның оны қабылдауын өзгертуге болады. Күту - психологиялық күй. Сол себепті кезектің дизайны, оны өзгерту маңызды рөл атқарады», - дейді The Design Lab директоры Дон Норман.

Оның айтуынша, адамдардың психологиясын түсіну, олардың ішін пыстыратын дүниелерді анықтау арқылы кезек күтудегі қабылдау деңгейін өзгертуге болады.

«Мысалы, лифт күтетін жерде үнемі айна болады. Бұл адамдардың көңілін бірнеше минутқа болсын аулау үшін қойылады. Айнаға қарап, шашын жөндеп тұрып адамдар уақыттың қалай өткенін, лифттің қалай жеткенін байқамай қалады. Яғни, күту уақыты өзгермесе де, мәселені адамдар кезекте тұрғанына шағымданбайтындай етіп өзгертуге болады», - депті Массачусетс технологиялық институтының профессоры Ричард Ларсон.

Оның айтуынша, әуежайда адамдар өздерінің жүгін алу үшін ұзақ күтіп қалғанына көп шағымданатын болған. Содан кейін әуежай әкімшілігі жүк алатын орынды алыстау жерге ауыстырған. Нәтижесінде, адамдар жүк алатын жерге ұзақ жүруге, яғни біраз уақытын кетіруге мәжбүр болған. Алайда, бір қызығы - осы екі уақыттың бірдей болғанына қарамастан жүкті алуға көп уақытым кетті деп шағымданушылар саны біраз азайған екен деп жазады басылым.