Кезектен тыс Президент сайлауы Н.Назарбаевтың сөзсіз жеңісімен аяқталады - қалалық мәслихат депутаты

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кезектен тыс Президент сайлауы Н.Назарбаевтың сөзсіз жеңісімен аяқталады.

Бұл пікірді бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеу арнағаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген елордадағы №1 балалар ауруханасының бас дәрігері, қалалық мәслихаттың депутаты Надежда Петухова білдірді.

«Бүгін біз тамаша Президентіміздің барлығына және оның әрқашанда да биік тұратындығына тағы бір мәрте куә болдық. Елбасының референдум өткізбеу туралы шешім қабылдауы еліміздің Конституциясы мен заңдарының жұмыс істеуін қалағандығына дәлел болады», - деді ол.

Оның пікірінше, кезектен тыс өткізілетін сайлау Н.Назарбаевтың жеңісімен аяқталады. Өйткені халық Елбасын құрметтейді әрі әрқашанда оның қамқорлығын сезінеді. Қазақстан бүкіл әлемге танылды және еліміздегі барлық демократиялық құндылықтар Мемлекет басшысының арқасында жүзеге асырылуда.