Кезектен тыс президент сайлауын байқайтын шетелдік байқаушылар саны 630 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кезектен тыс президент сайлауын байқайтын шетелдік байқаушылар саны 630 адамға жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

«Бүгінгі таңда халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 496 байқаушы аккредиттелді. ҚР Сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттерден 134 бұқаралық ақпарат құралын тіркеді. Осылайша, қазіргі уақытта аккредиттелген шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарынан 630 байқаушы бар», - деді ол.

Сонымен қатар Т.Охлопкова ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ТМД байлаушылар миссиялары өз штабтарын ашқан сәттен бастап белсенді жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта олар өңірлерде жүр. Сайлауды ұйымдастырушылармен, ҚР Президенттігіне кандидаттармен, сайлау комиссияларымен және аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесулер өткізуде», - деді ҚР ОСК мүшесі.