Кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы Елбасы шешімін Ауған соғысының ардагерлері қолдайды - Б.Смағұл

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Президенттік сайлауды өткізу туралы Елбасы шешімін Ауған соғысының ардагерлері де қолдап отыр. Бұл саяси науқан елімізде тұрақтылықты, сондай-ақ қоғамдық келісімді одан әрі нығайтады». Мәжіліс депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл осындай пікір білдірді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, сондай-ақ: «Біз, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының, Қазақстан ардагерлері қауымдастығының өкілдері Н.Ә.Назарбаевтың Президенттік сайлау өткізу туралы шешімін толық қолдаймыз. Қазақстандықтарды біздің еліміздің болашағымызды айқындайтын тарихи таңдау жасау кезеңі күтіп тұр. Бұл біздің күрделі кезеңде қоғамды топтастыруға септігін тигізіп, «Нұрлы жол» бағдарламасын жаңғыртудың барлық басымдықты міндеттерін табысты жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасалады деп ойлаймыз», - деді.