ОСК хатшысының айтуынша, әзірге кезектен тыс сайлауда қанша мемлекетте қазақстандықтардың дауыс беретіндігін нақты айту мүмкін болмай отыр. «Бізде шет мемлекеттерде жүрген қазақстандықтардың дауыс беруіне арналған 35 учаске бар. Кейбір мемлекеттерде олардың саны бірнешеу. Осыларды сараптай келгенде, кемінде 30 мемлекетте дауыс беру өтеді деп ойлаймын. Ал дауыс берушілердің саны, осының алдында Сыртқы істер министрлігі атап өткендей, 14 мыңнан да асып кетуі мүмкін. Қазақстан азаматтары шет мемлекеттерге шығару куәлігін ала барып, сол өзі барған елден дауыс беруі мүмкін. Сондықтан сырт мемлекеттерден дауыс беретін азаматтар санын сол елден дауыс берушілердің хаттамалары келген соң ғана білуге болады»,-деді ОСК хатшысы.
16:31, 01 Сәуір 2011
Кезектен тыс президент сайлауында шет мемлекеттерде дауыс беретін азаматтар саны артуы мүмкін - ОСК
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «3 сәуірге тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауында шет мемлекеттерде дауыс беретін азаматтар саны артуы мүмкін»,- дейді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов журналистерге берген сұхбатында.