Жиын барысында Дариға Назарбаева Саяси Кеңес пен партия басшылығы тарапынан да президенттік сайлау өткізуге қатысты бастамаға қолдау білдіргенін атап өтті. «Партияның басты ресурстарының бірі ретінде «Нұр Отан» партиясының фракциясы барлық қазақстандықтарға, қоғамдық ұйымдар мен ел жастарына осы бастаманы қолдауға шақырады.
Президенттік сайлау өткізу ел мен халық мүддесіне жауап беретін аса маңызды шешім. Бұл қадам Қазақстанның гүлденуі мақсатына қол жеткізу үшін барша қазақстандықтардың жасампаз күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда біз үшін мемлекеттің, қоғам мен барша азаматтарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасына топтастыра жұмылдыра отырып, Бірлік, Келісім мен Тұрақтылықты сақтай білу ауадай қажет. Бұл біздің бұрынғыдан да қуатты болу мүмкіндігімізді арттырады, «Қазақстан-2050» және «Мәңгілік Ел» стратегиясын мерзімінен бұрын орындауды қамтамасыз етеді», - деді Д. Назарбаева.
Жиын барысында президентік сайлау идеясына қолдау білдіріп «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі Қуаныш Сұлтанов, фракция мүшелері В.Рогалев, О. Асанғазы, «Халық Қаһарманы» Б. Ертаевтар сөз сөйледі.