«Депутаттардың өз-өзін тарату туралы үндеуі, сөзсіз саяси тұрғыда кемел шешім болды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық көңіл күйге, қоғамдық пікірге әрдайым ерекше назар аударады. Депутаттар өздерінің үндеулерін жариялаған аралықта Елбасы Н.Назарбаев қоғам пікіріне жүгініп, барлық кемшіліктер мен артықшылықтарды бағамдап келді. Ол кезектен тыс сайлау туралы бастама халықтың қызу қуаттауына ие болғандығын көрді», - деді З.Шаукенова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сарапшының пікірінше, ел тәуелсіздігінің барлық жылдарында сайлау қоғам ықпалдастығының бір тетігі болып келді.
«Осы жолы да солай болатынына сенімдімін. Халық өз бірлігін көрсетіп, осы сайлауда жаһандық қауіп-қатерлер кезеңін тиімді еңсеру және 5 институционалды реформаны сәтті орындау үшін Парламентке өзінің сенім мандатын береді деп санаймын», - деді ол.