Кезектен тыс сайлауда дауыс берушілер саны өте жоғары болады - ОСК төрағасы

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың пікірінше, 3 сәуірге тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берушілер саны өте жоғары болады.

Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған кездесуінде мәлім етті.

Оның айтуынша, осы мәселе бойынша арнайы әлеуметтік зерттеулер жүргізілген. «Осы зерттеу нәтижелері кезектен тыс сайлауда сайлаушылар саны өте жоғары болатындығын көрсетіп отыр», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

ОСК төрағасының мәліметтерінше, бүгінгі таңда елімізде 9 миллион 180 мыңға жуық сайлаушылар бар.