Кезінде Антарктидада Маямидегідей жылы болған
03:10, 24 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ, Австралия және Нидерланды ғалымдары ертеде Антарктиданың кейбір аумақтарында ауа райының қазіргі Флорида мен Калифорнияға өте ұқсас болғандығын анықтады.
Зерттеушілер Антарктиданың кей жерлерінде температураның 17 градусқа дейін көтерілген, қазіргі кезеңдегі Калифорния жағалауындағыдай болған деген болжам жасап отыр. Ғылыми жұмыс авторларының пікірінше, шамамен 40-50 миллион жыл бұрынғы эоцен дәуірінде - ғаламшар атмосферасында көмірқышқылы газының көп болу жағдайы заманауи климаттық моделмен дәл түсіндіріле бермейді, деп жазады Росбалт.