деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана жері есімдері мәңгілікке ел есінде қалған асыл азаматтарға кенде емес. Солардың бірі - аты әлемге мәшһүр болған теңдесі жоқ балуан Қажымұқан», деген депутат батырдың ғұмырында бағындырған белестеріне де шолу жасады. Оның айтуынша, Қажымұқан 1908 жылы Германияның Краун қаласында немістің жауырыны жер иіскемеген палуанын жығып әлем чемпионы атанады, 1909 жылы Ригада, 1913 жылы Варшавада болған жарыстарда үлкен алтын медальді тағы да жеңіп алады. Аргентинаның астанасында өткен әлем чемпионатында алдына жан салмайды. 1911 жылы Ыстамбұлда түрік палуанын тізе бүктіріп, қажы атанады. Бұдан кейінгі жылдары Париж бен Токиода, Будапешт пен Берлинде, Прага мен Лондонда ұйымдастырылған дүниежүзілік додаларда да мерейі үстем болған.
«Қажымұқанның туған жері Астанадан таяқ тастам жерде. Сол ауылдың іргесінде палуанның ата-аансы жерленген зират та тоз-тозы шығып тұр. Оны қалпына келтіру не облыс, не аудан әкімдігінің ойында жоқ. 1927 жылы Қазақ Автономиялық Республикасы Орталық атқару комитетінің президумы «Қазақ даласының батыры» деген ардақты дәреже берген палуанға кіндік қаны тамған жерде ескерткіш те қойылмай келеді. Қажекеңнің есімі осындағы аудандарының біріне берілсе деген ел тілегі де ескерілмей жатыр. Сондықтан да, қазақ тарихындағы дара тұлға, ерекше күш иесі Қ. Мұңайтпасұлына елордада ескерткіш орнату және есімін аудандардың біріне беру туралы ұсынысты қолдауды сұраймыз», деді депутат А. Смайыл.