Бұл туралы Sotheby's бәссауда үйіне сілтеме жасаған Reuters хабарлайды.
Джейн Остин он тоғызыншы ғасырдағы ең танымал британдық жазушылардың бірі болып табылады. Sotheby's бәссауда үйінің мәлімдемесінде коллекция жиюшылардың оның жүзігі үшін беруге дайын ақша жазушының шығармашылығына деген қызығушылықтың азаймауы туралы атап өтіледі.
2011 жылы Sotheby's бәссаудасында Джейн Остиннің жарияланбаған романының қолжазбасы сатылды. Ол үшін 1,6 миллион АҚШ долларын берді.