Кеңес 28 гвардияшы - панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға салтанатты гүл қою рәсімінен басталды. Отырыс партия филиалы кеңсесінде кезінде түрлі себептермен берілмей қалған КСРО-ның әскери төс белгілерін иелеріне салтанатты түрде тапсыруымен жалғасты. Түрлі деңгейдегі медальдар 9 адамға берілді. Кеңес барысында жастарға патриоттық тәрбие беру, ҰОС және ауған соғысы ардагерлерін, Чернобль апатын ауыздықтауға қатысушыларға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету туралы мәселелер талқыланды. Жиынға партия хатшысы Қайрат Сатыбалдыұлы, ҰОС және ауған соғысы ардагерлері, Чернобль апатын ауыздықтауға қатысушылар, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.
18:34, 12 Мамыр 2011
Кезінде түрлі себептермен берілмей қалған КСРО-ның әскери төс белгілері иелерін тапты
АЛМАТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалында Ардагерлер мен әскери-патриоттық бірлестіктердің кезекті отырысы өтті.