KFC және McDonald мейрамханалары мерзімі өткен тағам ұсынған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай билігі McDonald's, Pizza Hut және KFC мейрамханалар желісін қолдану мерзімі өтіп кеткен етпен жабдықтады деген күдікті компания жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Шанхайдың Дәрілік заттар мен азық түлік сапасын бақылау басқармасы «Shanghai Husi Co Ltd» компаниясы өндіретін ет өнімін саудадан алып тастау туралы шешім шығарған. Жергілікті телеарна аталған мән-жайды анықтап көрген. Нәтижесінде компания иістеніп кеткен етті қайта өңдеп, мұздатып, жаңа қолдану мерзімі көрсетілген қағазға ораған. Осы жолмен жартылай фабрикаттар мейрамханалар желісіне жеткізіліп отырған. Компания клиенттері бұл туралы білмегенін айтады. Аталған компания америкалық «US.OSIGroup» тобының құрамына кіреді екен, оның капиталы 50,47 миллион долларға баланған.