Айта кету керек, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде «Галатасарай», «Атлетико», «Астана» және «Бенфика» төртеуі бір топта ойнайды. Осыған орай, 15 қыркүйек күні «Астана» мен португалиялық «Бенфика» да кездеседі. Фото: ФК "Кайрат"
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қыркүйек күні Стамбулда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы турда түркиялық «Галатасарай» мен испаниялық «Атлетико» (Мадрид) матчы өтеді. Аталған матчқа УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Маттео Трефолони бақылаушы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметінен хабарланды.