ҚФФ: Ұлттық құраманың бас бапкерінің тағдыры жақын арада шешіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюктің өз орнында қалатыны немесе қалмайтыны жақын арада шешілетін болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми сайтта берілген мәлімет бойынша, 8 қаңтарда, яғни бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде федерация президенті Сейілді Байшақовтың төрағалығымен бапкерлік кеңес өткен.

«Жиында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюктің жұмыс есебі тыңдалды. Александр Бородюк ұлттық құраманың өткізген матчтарының қанағаттандырмас нәтижелерінің себебін баяндады. Ол өз сөзінде күнтізбенің ыңғайсыз кестесіне байланысты ресми ойындар үшін команданы қысқа уақытқа дайындауға кеңес берді», - делінген ақпарат көзінде.

Сонымен бірге, Александр Генрихович команданың сәтсіз ойындары үшін жауапкершілікті өз мойнына алған.

«Ұлттық құраманың қалатыны немесе қалмайтыны туралы соңғы шешімді ҚФФ жуық арада қабылдайды», - делінген ҚФФ ресми сайтында.