«Бүгін өткен жылдың 22 қазанында құрылған ҚХА кафедралары меңгерушілерінің республикалық қауымдастығының екінші орытысы өтіп жатыр. Біз неге үш ай өтпей жатып отырыс өткіздік? Өйткені, жаңа жыл басталды, бұл - ҚХА жылы. Бұл жыл осынау ерекше институтқа арналған тарихтағы тұңғыш жыл ретінде есте қалмақ», - деп атап өтті ол.
А. Башмаковтың айтуынша, отырыстың екінші мақсаты - этникалық толеранттылық бойынша дәрістер курсын жоспарлау.
«Бізде қазірдің өзінде оқу жоспарының немесе арнайы курстың бірнеше нұсқалары бар. Ал атауын әлі кәсіби түрде өзгертеміз. Сондай-ақ, бізде ұзақ уақыт бойы ЖОО жүйесінде қызмет еткен мамандар да бар. Сондықтан, биылғы 1 қыркүйектен бастап, ҚХА кафедралары бар барлық жоғары оқу орындарында бірінші курстардың бағдарламасы аталған дәрістерді енгізгенін қалаймыз», - деді ол.