«18 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды ҚХА жылы деп жарияланғанын хабарлаған болатын. Бұл өте маңызды және біз үшін символдық мәнге ие. Себебі келесі жылы ҚХА-ның құрылғанына және Қазақстан Конституциясына 20 жыл толады. Бұл шараға біз дайындықты бастап кеттік», - дейді Е.Тоғжанов.
Оның сөзіне қарағанда, 1 наурыздан бері елде бейбітшілік және келісімнің жол картасы аясында іс-шаралар өткізілуде.