Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қызмет өкілі Әсет Мұқажанов айтты.
"12 қарашада Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бейбітшілік пен келісім" жол картасы мега жобасының аясында іс-шаралар өткізу жоспарланған. Сонымен қатар Астанада 13-14 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясының отбасындағы төзімділік мәселелері бойынша аналар кеңесі төрайымдарының бірінші форумы өтеді", - деп атап өтті Ә.Мұқажанов.